Қызылордада «Жас сақшылар» үшін Ашық есік күні өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

«Адал азамат» тұжырымдамасы негізінде Қызылорда облысының Полиция департаментінде «Жас сақшылар» жасағының мүшелеріне арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің құқық қорғау органдары қызметіне деген қызығушылығын арттыру, олардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру және полиция қызметінің бағыттарымен таныстыру.
Кездесу барысында жас сақшылар департаменттің бірқатар құрылымдық бөлімшелерінің жұмысымен танысты. Атап айтқанда олар кинологиялық қызметтің жұмысын көріп, қызметтік иттердің дайындығымен танысты. Сонымен қатар Жедел басқару орталығының қызметімен, жедел криминалистика бөлімінің заманауи құрал-жабдықтарымен танысу мүмкіндігіне ие болды.
Шара аясында қатысушылар Полиция департаментінің мұражайына барып, өңірдегі құқық қорғау органдарының тарихы мен жетістіктері жөнінде мәлімет алды.
Осындай танымдық іс-шаралар жасөспірімдердің патриоттық рухын нығайтып, болашақта құқық қорғау саласына қызығушылықтарын арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1197815?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version