Қызылордада жол инфрақұрылымын дамыту жобалары қарқын алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Бүгін қала әкімі Нұржан Ахатов қала аумағы мен оған қарасты елдімкендердегі жол жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Қазір қалада, оған қарасты кенттер мен ауылдық округтерде 35,4 млрд теңгенің 21 жобасы жүзеге асырылып, 70 көшеде 69,7 шақырым жол күрделі жөнделіп, қайта жаңғыртылуда.
Қала аумағында 32,2 млрд теңгенің 5 жобасы қарқын алды. Тасбөгет кентінде ұзындығы 5,1 шақырым 4 көше, Белкөл кентінде 0,8 шақырымдық көше, Қызылөзек ауылдық округінде 1,8 шақырым болатын 2 көше жөндеуден өтуде.
Ал Қызылжарма ауылдық округінде ұзындығы 10,2 шақырым 14 көшеде, Ақсуат ауылдық округінде 8 шақырым болатын 10 көшеде, Талсуат ауылдық округінде 0,4 шақырымдық көшеде жұмыстар қолға алынған.
Айта кетейік, өткен жылы жол инфрақұрылымы саласындағы жобаларға бюджеттен 32,3 млрд. теңге қаралды. Оның 9,6 млрд.теңгесіне әуежай бағытындағы 3 көпір және «Қызылорда-Жезқазған» бағытындағы автожолдың 2,7 шақырымдық қалаішілік бөлігі қайта жаңғыртылды.
Жалпы 19,5 млрд.теңгеге 27 көшеде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көлік және жаяу жүргіншілер жолындағы қозғалысқа қолайлы жағдай жасалды, 2 көпір күрделі жөндеуден өтіп, 1 көпір жаңадан салынды.
Бұдан бөлек, қала көшелерін күтіп ұстау мақсатында 35 көшеге асфальт төселіп, жол жабындыларының бүлінген учаскелері қалпына келтірілді. Кент және ауылдық округтердегі 43,5 шақырым болатын 51 көше жөнделді.
Аймақ басшысының талабы – шет аймақтарға ерекше мән беру. Осыған байланысты былтыр шет аймақтардағы 38 көшеге асфальт, «Эдельвейс» саяжайындағы 3 көшеге қиыршық тас төселді, теміржол асты өткелінің құрылысы жалғасуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda/press/news/details/1198444?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version