Түркістан қаласында 2026 жылғы 6–9 сәуір аралығында дзюдо, самбо және қазақ күресінен шеберлер (ардагерлер) арасында Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Манабаев Болат 1 орын иеленіп жеңіске жетті.
Ағамыздың Түркістан төрінде Қазақстан чемпионатында алтын медаль иеленуі — оның жоғары дайындығы мен қажымас қайратының айқын дәлелі. Ардагерлер арасындағы мұндай жеңістер жас буын үшін үлкен үлгі, нағыз мотивация болары сөзсіз.
Түркістандағы бұл доданың деңгейі өте жоғары болды, өйткені мұнда тек мықтылар ғана емес, өз ісінің нағыз шеберлері жиналды. Болат ағамыздың осы бәсекеде топ жаруы оған алдағы уақытта өтетін Әлем чемпионатына жолдама алуға мүмкіндік береді.
Осындай айтулы жеңіспен Болат ағамызды және оның жанкүйерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы халықаралық жарыстарда да көк туымызды биіктен желбірете беруіне тілектеспіз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-akzhal/press/news/details/1198635?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау