САРЫАҒАШ: «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП: ҚАУІПСІЗ БОЛАШАҚ ҮШІН» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде «Заң мен тәртіп: қауіпсіз болашақ үшін» тақырыбында аудандық «Жайдарман» ойыны ұйымдастырылды. Аталған шара жастардың шығармашылық қабілетін, тапқырлығын, сахна мәдениеті мен әзіл деңгейін айқындауға бағытталған мазмұнды мәдени кешке айналды.
Ойын барысында қатысушы командалар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.
Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қатысып, жастарға қолдау білдірді. Сонымен қатар кештің арнайы қонағы – «Қазақстан КВН Одағы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің президенті, «Құрмет» орденінің иегері Есентүгел Елеукен қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділ қазылар алқасының шешімімен 10 команда жартылай финал кезеңіне жолдама алды. Алдағы уақытта жартылай финал және финалдық кезеңдер өткізіліп, аудан әкімінің кубогы сарапқа салынады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1197872?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version