Сарыкөл кентінде сенбілік өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

9 сәуір күні Сарыкөл кентінде елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және абаттандыру мақсатында кезекті сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараға кенттегі мекемелер мен ұйымдардың ұжымдары белсенді қатысты. Әрбір мекеме өзіне бекітілген және іргелес аумақтарды тазалау жұмыстарын жүргізді. Жалпы сенбілікке шамамен 80 адам жұмылдырылды.

Жұмыс барысында қатысушылар тұрмыстық қалдықтарды жинап, өткен жылдан қалған жапырақтар мен қураған шөптерді тазалады. Сонымен қатар қоғамдық орындарды ретке келтіріп, айналаны абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Әсіресе жол бойлары, әлеуметтік нысандар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарға ерекше назар аударылды.

Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті:

«Сенбіліктер тұрғындарды біріктіріп, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді. Осындай бірлескен еңбектің арқасында ғана кентімізді таза әрі өмір сүруге қолайлы ете аламыз».

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-sarykol-audany-akimat/press/news/details/1198286?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version