Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының отыз алтыншы сессиясы 2026 жылғы 15 сәуірге сағат 10:00-ге аудандық мәслихаттың мәжіліс залына шақырылсын.
Сегізінші шақырылған Қарақия аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз сегізінші сессиясының қарауына мына мәселелер енгізілсін:
- «Қарақия ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қарақия аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы № 7/74 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Қарақия ауданы, Жетібай ауылынан көше атауын беруге ұсыныс енгізу туралы;
- Қарақия ауданының «Құрмет грамотасымен» марапаттау туралы;
- «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмектерді ұйымдастыру жөнінде консультативтік – кеңесші орган құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-karakiya/press/news/details/1198077?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау