Сеулде «Орталық Азия – Корея Республикасы» алғашқы саммитіне дайындық мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сеул, 2026 жылғы 9-10 сәуір – Сеулге сапары аясында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев «Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумының Аға лауазымды тұлғаларының бірінші отырысына қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар алдағы саммитке дайындық барысын талқылап, өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Кездесу барысында Ә.Бақаев 2026 жылы жоспарланған алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» Саммиті Орталық Азия елдері мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға жаңа стратегиялық серпін беруге арналғанын атап өтті. Сонымен қатар ол алдағы Саммиттің өңірдегі орнықты даму, тұрақтылық пен өркендеуді қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен бастамаларды ілгерілетудегі маңызды алаң ретіндегі ерекше маңызын ерекше атап өтті.

Сонымен қатар Корея Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Чон Ый Химен екіжақты кездесу, сондай-ақ Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Чо Хёнға ізет сапары өтті. Кездесулер барысында тараптар қазақ-корей қатынастарының дәстүрлі достық және сенімге негізделген сипатын атап өтіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады.

Корея Республикасының Сауда министрі Ё Хан Кумен, сондай-ақ Корея Республикасы Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің бірінші вице-министрі Ким И Такпен өткен келіссөздер сауда-инвестициялық ынтымақтастық, көлік-логистика байланыстарын дамыту және Alatau City жобасын ілгерілету мәселелеріне арналды.

Оған қоса, Сеулге сапары аясында Ә.Бақаев Корея Республикасының іскер топтарының өкілдерімен, атап айтқанда KITA, KOIMA, CONTEC Space Group, YPP және өзге де ұйымдар мен компаниялармен жеке кездесулер өткізді. Кездесулер барысында экономикалық және инвестициялық өзара іс-қимылды кеңейту перспективалары талқыланды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/1198871?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version