ШЕТ АУДАНЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шет ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды.
Айтулы шараға аудан орталығынан бастап, барлық ауылдық округтер мен кенттер біркісідей атсалысуда. Тазалық марафонына жергілікті әкімдік мамандары, құқық қорғау саласының қызметкерлері, кәсіпкерлер және өлкеміздің жанашыр тұрғындары білек сыбана кірісті.
Экологиялық шараның басты мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына табиғатты аялау сезімін ұялату және өңіріміздің санитарлық жағдайын жақсарту.
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді өз аулаларыңыз бен көшелеріңізді таза ұстап, акцияға қолдау көрсетуге шақырамыз. Тазалық — табалдырықтан басталады!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1198075?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version