Шорабек Айдаровтың «Жарық сәуе» кітабының тұсауы кесілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында көрнекті қаламгер, айтыскер-ақын Шорабек Айдаровтың жаңа жыр жинағы – «Жарық сәуе» кітабының салтанатты тұсаукесері өтті. Рухани кешке өңірдің зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері, сондай-ақ әдебиетсүйер қауым қатысты.

▫️Кешті Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов құттықтау сөзімен ашып, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің ақжарма лебізін жеткізді. Сонымен қатар, ақынға құрмет ретінде иығына шапан жабылып, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі табысталды. Сонымен қатар, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Сембек Нұрдос Болатұлы Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековтің құттықтау хатын жеткізді.

Шара барысында ақын шығармашылығының ерекшеліктері кеңінен сөз болып, оның ұлттық рухты, адамгершілік пен ізгілік құндылықтарын насихаттаудағы еңбегі жоғары бағаланды. Белгілі жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, прокуратура саласының ардагері Әбиірбек Мамытұлы Қонысбаев, сондай-ақ «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының төрағасы Бықыбаев Дүйсенәлі Дыбысалыұлы ақынға ақжарма тілектерін білдіріп, жаңа жинақтың мазмұны мен маңызына тоқталды. Жас айтыскер ақын, «Қола домбыра» иегері Інжу Жаңабай ақынға арнау айтып, жырдан шашу шашты.

Өз кезегінде Шорабек Айдаров оқырмандарына алғысын білдіріп, кітаптың жазылу барысы мен шығармашылық ізденістері туралы ой бөлісті.

«Кітаптың атын “Жарық сәуе” деп қойдым. Көбі “сәуле” деп түсініп қалуы мүмкін. Негізі “сәуе” деп қоюымның өзіндік сыры бар. Сәуле – табиғи ұғым болса, сәуе – рухани ұғым. “Сәуе” дегеннің мағынасы – мейір, шапағат», – деп автор кітап атауының мәніне ерекше тоқталды.

Кітаптың тұсаукесер рәсімінде құрметті қонақтар Әбиірбек Тінәлиев пен Көсемәлі Сәттібайұлы жаңа туындының тұсауын кесті.

Мазмұнды кешті Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Эльмира Абдинова жүргізді.

«Жарық сәуе» жыр жинағы – өмір, махаббат, адамгершілік және ұлттық рух тақырыптарын арқау еткен сыршыл поэзия туындысы. Бұл – оқырманды терең ойға жетелейтін тағылымды еңбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-cultura-arhiv/press/news/details/1198025?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version