ШҚО Әділет Департаменті «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Жауапкершілік, Сенім, Нәтиже» тақырыбындағы өңірлік форумға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 09 сәуірінде Әділет департаменті басшысының орынбасары А.Амирханов және Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің қызметкерлері Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің ғимаратында «Turgyndar Amanaty» жобасы аясында «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастырған «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Жауапкершілік, Сенім, Нәтиже» тақырыбындағы өңірлік форумға қатысты.
Өңірлік форум барысында мүлік иелері бірлестіктері мен пәтер иелері кооперативтерінің қызметіне қатысты мәселелер талқыланды. 2025 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енген «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты қолданыстағы КСК және ПКСК-ны 2026 жылғы 16 шілдеге дейін міндетті түрде қайта тіркеу мәселелері түсіндірілді.
Сондай-ақ қысқа мерзімді мәселелер көтерілді, атап айтқанда: көппәтерлі тұрғын үйді пайдалануға бергеннен кейін құрылыс салушының кепілдік мерзімін ұлғайту, кондоминиум объектісін басқару органына арналған үй-жайларды жобалау кезеңінде қарастыру, көппәтерлі тұрғын үйлерге қызмет көрсететін барлық субъектілер үшін жеңілдетілген режимді (Салық кодексі) сақтау, тұрғын үйді күтіп-ұстау қызметтері үшін төлемді жүйелі түрде төлемейтін тұлғаларға ықпал ету шараларын қолдану.
Сонымен қатар кондоминиум субъектілерінің жағдайын жақсартуға бағытталған өзге де ұзақ мерзімді мәселелер қарастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1198247?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version