Шығыс Қазақстанда облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қатысуымен «Ардагерлер ұйымы» РҚБ ШҚО филиалының IX есептік-сайлау конференциясы ұйымдастырылды. Жиын барысында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы уақытқа арналған жаңа міндеттер талқыланды.
Бүгінде ұйым облыс бойынша 120 мыңнан астам ардагерді біріктіріп, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, аға буынды қолдау бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Айтылған мәліметтерге сәйкес, 3500 жалғызбасты ардагер үйде әлеуметтік қызмет алады.
Жалпы, қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында 135 мың зейнеткер тұрады, ал Ұлы Отан соғысының небәрі алты ардагері ғана қалған.
Күн тәртібі аясында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралды. Облыс әкімі Айтқазы Сейітұлы Шерубаевтың кандидатурасын ұсынып, оның тәжірибесі мен бұған дейінгі жұмысының нәтижелері ескеріліп, ұсыныс қолдау тапты.
Сондай-ақ ардагерлер қауымдастығының мемлекеттік бастамаларды жүзеге асырудағы және өңірдің қоғамдық өміріндегі белсенді рөлі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1198639?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау