ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ ТУРАЛЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сегізінші шақырылған Курчатов қалалық мәслихаты кезектен тыс қырықыншы сессиясының 2026 жылғы 10 сәуірдегі

№ 40/251-VIІІ шешімі

 

  

Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы»

шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10, 19 – баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы                                7-1) тармақшасына сәйкес Курчатов қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Курчатов қалалық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13/76-VIІІ «Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

№ 159 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі «ҚР Ұлттық ядролық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорны қызметкерлерінің жергілікті кәсіби одағы» ҚБ – дан Редикульцева Елена Николаевнаны өз еркімен өтiнiш беруіне байланысты міндетінен босатылсын.

  1. Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер № 159 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалған мүшенің орнына кандидат бойынша ұсынысты 2026 жылдың 27 сәуіріне дейін енгізсін.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Курчатов қалалық мәслихатының

төрағасы                                                                                                 Г. Хусайнова

ШЫҒЫП ҚАЛҒАН МҮШЕЛЕРДІҢ ОРНЫНА КУРЧАТОВ ҚАЛАСЫ САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІН САЙЛАУ

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19 – баптарына сәйкес Абай облысы Курчатов қаласының мәслихаты мүшелерді сайлау туралы хабарлайды:  

Сайлау комиссиясының атауы

және нөмірі

Сайлау комиссиясының орналасқан жері

Курчатов қаласының № 159 учаскелік сайлау комиссиясы

 

Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 12, Абай облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Курчатов қаласының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» КММ ғимараты

Сайлау комиссиясының мүшелері тиісті комиссия орналасқан әкімшілік аумақтық бірлік аумағында тұруы тиіс.

Саяси партиялар және өзге де қоғамдық бірлестіктерден сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша келіп түскен ұсыныстарды Курчатов қалалық мәслихаты 2026 жылдың 13 сәуірінен бастап 27 сәуіріне дейін қабылдайды.

Материалдарды жинауға жауапты тұлға: Сакаев Ерболат Толеубекович, тел. 8 (72251) 3 40 66, факс 8 (72251) 3 31 80.

Пошта индексі 180010, Абай облысы, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4, Курчатов қалалық мәслихаты, электронды пошта maslihatkur@mail.ru

 

Курчатов қалалық мәслихатының төрағасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kurchatovmaslihat/press/news/details/1198109?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version