🌳 Алға қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында орталық саябақта ауқымды сенбілік өтті. Шараға 600-ге жуық тұрғын қатысып, 10 арнайы техника жұмылдырылды.
🧹 Тазалық жұмыстары барысында саябақ аумағы қоқыстан толық тазартылып, ағаштар мен жасыл желектер ретке келтірілді.
✅ Ұйымдастырушылардың сөзінше, мұндай шаралар – тек бірреттік акция емес, қала мәдениетін қалыптастырудың маңызды бөлігі.
🌿 Мамандар тұрғындарды тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырып, ортақ кеңістікті күтіп ұстау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.
🌼 Айта кетейік, сенбілік жұмыстары жаз мезгілінде де жалғасып, қала аумағын абаттандыру жүйелі түрде жүргізіледі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-transport/press/news/details/1198096?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау