ТАЗА ҚАЗАҚСТАН – БАРЛЫҒЫМЫЗДЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІМІЗ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппаратының ұйымдастыруымен “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында арнайы бейнеролик түсірілді. Оның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының тазалық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және туған жердің тазалығын сақтауға үндеу.

Тазалық – тек сыртқы көрініс емес, ол әр адамның мәдениеті мен тәрбиесінің айғағы. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті борышымыз. Әрбір бейберекет тасталған қоқыс табиғатқа зиян келтірсе, әрбір жасалған игі іс ауылымыздың көркеюіне үлес қосады.

Барша ауыл тұрғындарын тазалықты сақтауға, қоқысты арнайы белгіленген орындарға тастауға және туған жерге жанашырлықпен қарауға шақырамыз.

Таза ауыл – жарқын болашақтың кепілі!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet/press/news/details/1198118?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version