“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында абаттандыру жұмыстары өз жалғасын табуда. Бұл жолы ауылдың орталық бөлігіндегі алаңқайға жаңа ағаш көшеттері отырғызылып, табиғат көркін арттыру бағытында маңызды қадам жасалды 
Отырғызылған әрбір ағаштың күтімі мұқият қарастырылып, тиімді суғару жүйесі енгізілді. Атап айтқанда, ұзыннан тартылған арнайы труба арқылы әр ағаштың түбіне тамшылатып су жеткізу әдісі қолданылды. Бұл тәсіл су үнемдеуге әрі көшеттердің жақсы өсуіне мүмкіндік береді 
Сонымен қатар, ағаш егілген аумақ арнайы қоршаумен қоршалып, олардың сақталуы мен күтіміне қолайлы жағдай жасалды. Бұл – табиғатқа деген жанашырлықтың және келешек ұрпаққа жасалған қамқорлықтың айқын көрінісі 
Абаттандыру жұмыстарының басты мақсаты – ауылды жасыл желекке айналдыру, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру. Осындай игі бастамалар арқылы туған жеріміздің көркі күннен-күнге арта бермек 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-ekpindi/press/news/details/1198060?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version