«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды

Бүгін Алакөл ауданында «Таза Қазақстан» акциясы шеңберінде кең көлемді санитарлық-тазалық жұмыстары өткізілді. Аталған іс-шараға Алакөл аудандық Үшарал пайдалану бөлімі мен «Трансойл» мекемесінің қызметкерлері белсене атсалысты.

Жұмыстар барысында елді мекен аумағында ағарту және әктеу, ағаштарды санитарлық қырқу, сондай-ақ жиналған қоқыстарды толықтай шығару жұмыстары жүргізілді. Аталған шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараға барлығы 245 адам жұмылдырылып, 15 арнайы техника пайдаланылды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде шамамен 79 тонна тұрмыстық қалдықтар аумақтан шығарылды.

Аталған бастама ауданның санитарлық жағдайын жақсартуға, тұрғындар үшін қолайлы және таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1197894?lang=kk

Exit mobile version