Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы мен «Атамекен» агротехнологияларды коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастықты бекітті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада аграрлық технологияларды коммерцияландыру және экономиканың нақты секторына енгізу мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.

Отырыс барысында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы арасында отандық технологияларды өндіріске жүйелі түрде енгізуге бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ұлттық палата алаңында «Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы» серіктестігі ұйымдастырған іс-шара барысында мемлекеттік органдардың, агробизнес өкілдерінің, ғылыми ұйымдардың, салалық қауымдастықтардың және жоғары оқу орындарының өкілдері ғылыми жетістіктерді нақты секторға жедел енгізу тетіктерін талқылады.

Сонымен қатар арнайы көрме ұйымдастырылып, аталған орталықтың еншілес ұйымдары агроөнеркәсіптік кешенге енгізуге дайын инновациялық шешімдер мен технологиялық үлгілерді таныстырды.

Басқарма төрағасының орынбасары Максим Сутула орталық жүйесіне 33 еншілес ұйым кіретінін, олардың қатарында жоғары оқу орындары, ғылыми-зерттеу институттары және тәжірибелік станциялар бар екеніне тоқталды.

Бүгінгі таңда 679 әзірлемеден тұратын портфель қалыптасқан, олардың 500-ден астамы патенттелген және өндіріске енгізуге болады.

Сонымен қатар, орталық технологияларын пайдалану бизнеске мемлекеттік қолдау құралдарына, оның ішінде 250 миллион теңгеге дейінгі гранттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осы ретте Максим Сутула Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтын алға тартты.

Мәселен, Орталық құрылымдары тарапынан Ғылым қорына берілген 45 өтінімнің 17-сі осы институтқа тиесілі.

Одан әрі Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының негізгі міндеті — ғылыми жетістіктерді ауқымдандыру және оларды елдің агроөнеркәсіптік кешенінде тәжірибе түрінде қолдану екенін баса атап өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары селекция, тұқым шаруашылығы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу салаларындағы агротехнологияларды нарыққа шығару тәжірибелерін ортаға салды. «Ғылым қоры» және «QazInnovation» акционерлік қоғамлары өкілдері гранттық қаржыландыру және агроөнеркәсіптік кәсіпорындарды жаңғырту тетіктерін түсіндірді.

Бұған дейін осындай кездесулер Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен. Ғылымды насихаттау және оны өндіріске кіріктіру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1198050?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version