Жастар арасында су үнемдеу идеясы кеңінен насихатталуд

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су үнемдеу жөніндегі жол картасы шеңберінде әлеуметтік желілерді пайдалана отырып, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, орта және жоғары оқу орындарында су үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарланған. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, 2025 жылдан бастап әуежайларда, қоғамдық көліктерде және әкімшілік ғимараттарда ақпараттық материалдарды орналастыру арқылы су ресурстарын ұтымды пайдалану мәдениетін арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жастармен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл жайында ҚР су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев ОКҚ алаңында айтты.

Осы мақсатта «Суды үнемде – болашақты сақта» атты ауқымды жоба аясында Министрлік тарапынан 2025 жылдан бастап жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

«Су үнемдеу тиімділігінің символына айналған «Тамшы» анимациялық кейіпкердің бірыңғай коммуникациялық бейнесі қалыптастырылды. «Тамшы» балалар мен жастарға арналған әлеуметтік бейнероликтердің, эко-ағартушылық ертегілердің, білім беру ойындарының және интерактивті контенттің негізгі кейіпкері болып табылады. 2025 жылы «Суды үнемде – болашақты сақта» жобасы аясында мектептерде түсіндіру іс-шаралары өткізіліп, 2 миллионға жуық оқушы қамтылды.Бұл жұмыс ағымдағы жылы да жалғасын тапты», – деді Т.Момышев.

Сонымен қатар 2026–2030 жылдарға арналған «Адал азамат» мемлекеттік тәрбиелік бағдарламасы аясында су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Осындай іс-шаралардың бірі – шет мемлекеттердің елшілері, халықаралық ұйымдардың басшылары және Парламент депутаттарының қатысуымен су үнемдеу мәселелері бойынша эко-сабақтар өткізу. Осылайша, қаңтар айында Ұлыбритания елшісінің қатысуымен Ақмола облысында 150 мыңнан астам оқушыны қамтыған эко-сағат өткізілді. Ақпан айында жобаға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, абай және Павлодар облыстары қосылып, 300 мыңнан астам оқушы мен колледж студенттері қамтылды. Наурыз айында Франция елшісінің қатысуымен Қарағанды облысында және Жетісу мен Ұлытау облыстарында өткен ашық сабақтар 328 мыңға жуық оқушы мен колледж студенттерін қамтыды. Сәуір айында СРИМ Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесуімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері үшін жалпыреспубликалық ашық сабақ ұйымдастырылып, оған Қазақстанның барлық жоғары оқу орындары қосылды. Онлайн форматта өткен эко-сағатқа шамамен 2 мыңға жуық студент қатысты.

Бірыңғай білім беру әдістемесінің енгізілуімен «Суды үнемдеу – болашақты сақта» жобасы факультативтік сабаққа айналып, оның аясында оқушылар су ресурстарына қатысты ғылыми жобалармен айналысады. Сонымен қатар бүгінде Француз даму агенттігінің қолдауымен, Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті және ЮНИСЕФ ұйымдарымен ынтымақтастықта Қызылорда облысының аумағында «Су және білім» жобасын іске асыру басталды. Жоба 2026 жыл бойы 10 пилоттық мектептің базасында іске асырылады және су ресурстарына ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру және ағарту іс-шараларының кешенін өткізуді көздейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-aktogay/press/news/details/1198687?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version