Жітіқара ауданының оқушылары арасында нашақорлықтың алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

https://youtube.com/shorts/B1RYvYfpjKk?feature=share

Мемлекет басшысының қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайту жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Жітіқара ауданында жүйелі негізінде алдын алу және түсіндіру іс-шаралар кешені жүргізіледі. Аталған жұмыс “Заң мен тәртіп” идеологиясын ілгерілетуге, өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және кез келген заңсыз көріністерден бас тартуға бағытталған.

Осылайша, Жітіқара ауданының прокуратурасы білім бөлімімен және полиция бөлімімен бірлесіп, Дүниежүзілік денсаулық күні Жітіқара қаласы мектептерінің оқушылары арасында “Есірткінің зияны туралы” тақырыбында сурет байқауын өткізді.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталды.

Іс-шара аясында Жітіқара ауданы прокурорының орынбасары Е.М. Жунусов, полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Т.О. Каерлапов және Жітіқара аудандық ауруханасының психологы Н. Е. Абдрахманова оқушылармен есірткінің зияны, олардың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауаптылығы және денсаулыққа ауыр зардаптары туралы профилактикалық әңгімелер өткізді.

Барлығы іс-шарамен Жітіқара қаласы мектептерінің 160-тан астам оқушысы қамтылды.

Аудан прокуратурасы есірткі заттарының пайдалануы және олардың заңсыз айналымы ауыр зардаптарға, тіпті бас бостандығынан айыруға және өмірге қауіп төндіретініне назар аударады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1198167?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version