Алакөл ауданының орталығы – Үшарал қаласында «Таза қала» экологиялық акциясы өткізілді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алакөл ауданының орталығы – Үшарал қаласында «Таза қала» экологиялық акциясы өткізілді.

Аталған іс-шараға 200-ден астам адам қатысып, 17 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 26 тонна қоқыс шығарылып, қала аумағында кең көлемді тазалық жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы отырғызылған ағаштардың жалпы саны 1936-ға жетті. Көгалдандыру жұмыстары қала аумағының бірнеше нүктесінде жүзеге асырылды. Атап айтқанда, этноауыл аумағында, облыстық және республикалық маңызы бар тас жолдар бойында, жылыту қазандығы маңында («ГКП Жылу»), мемлекеттік мекемелер аумағында және орталық алаңда ағаш көшеттері отырғызылды.

Аталған акцияға мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен түрлі кәсіпорын ұжымдары белсенді түрде қатысып, қоршаған ортаны қорғау ісіне өз үлестерін қосты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol/press/news/details/1198956?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version