Астанада «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» атты ауқымды экологиялық айлық басталды. Оның аясында елордада «Таза қала» ұранымен абаттандыруға бағытталған бірқатар іс-шара өтіп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
11 сәуірден бастап қала бойынша тазалық және абаттандыру акциялары қолға алынды. Санитарлық тазарту жұмысы аясында қоқыс жиналып, саябақтар мен гүлзарлар, тұрғын үйлердің аулалары, сондай-ақ кәсіпкерлік, қоғамдық тамақтану нысандары мен өзге де ұйымдарға іргелес аумақтар ретке келтірілуде.
Экологиялық акцияға қала тұрғындары, кәсіпорын өкілдері, МИБ (ПИК), шағын және орта бизнес, еріктілер және белсенді азаматтар белсене қатысып жатыр.
«Бұл акцияға қатысуды жөн көрдім, себебі қаламыздың тазалығына өз үлесімді қосқым келеді. Әркім өз ауласын тазалап, қоқыс тастамаса – бұл да үлкен нәтиже. Астананың одан әрі көркейіп, таза болғанын қалаймын», – деді қатысушылардың бірі.
Әкімдік қала тұрғындарын экологиялық айлықты қолдап, ортақ іске үлес қосуға шақырады.
Бастаманың негізгі мақсаты – қоғам назарын тазалық мәселесіне аудару және тұрақты экологиялық мәдениет қалыптастыру.
Әрбір тұрғын мен ұйым көшелер мен аулаларды абаттандыруға атсалысып, қаланың таза, жайлы әрі экологиялық тұрғыдан қолайлы болуына үлес қоса алады.
#ТазаҚазақстан #экология #TazaChallenge #ТазаҚала @TazaQazaqstan
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1198925?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау