Астанада Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен “Халық заңгері” әлеуметтік акциясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

   Іс-шара “Керуен” сауда ойын-сауық орталығында өтіп, құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған.

    Акцияның басты мақсаты – елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

    Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты. Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100 – ден астам адам заңгерлік қолдау алды.

    Акция елорданың барлық аудандарында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Астана қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1198973?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version