«Gosagro» субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде хабарландыру

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылғы 13 сәуірден бастап екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі – ЕДБ) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларышеңберінде қаржы институттарының сыйақы мөлшерлемелерін тікелей субсидиялау бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдайды.

Кредит қаражаттарын беру мақсаттары:
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мал шаруашылығы, элеваторлар және астық қоймалары салаларында инвестициялық мақсаттарға кредиттеу.

I. Мал шаруашылығы саласында

1. ІҚМ сатып алуға қаржыландыру кезінде қойылатын критерийлер мен талаптар (инвестициялық мақсаттар)

Кредит беру мөлшерлемесі – жылдық 6%;

Кредит беру мерзімі:

ет бағыты – 84 айға дейін;

сүт бағыты: – 84 айға дейін.

Кепілдік қамтамасыз ету – ЕДБ-ның Кепіл саясатына сәйкес;

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

кредит қаражаттарын мақсатты пайдалану қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады;

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 7-1/37 бұйрығымен бекітілген Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына берілген есептік нөмірдің болуы (бұл талап жайылымдық мал шаруашылығын дамыту бағдарламасына қатысушыларға және өсімдік шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына объектілер пайдалануға берілген сәтке дейін қолданылмайды);

сатып алынған мал басын есепке қою және есептен шығару есебін Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендірудің ақпараттық жүйесінде (ЖСАЖ) және Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс ақпараттық базасында (САЖАБ) жүргізу;

«Береке» бағыты бойынша – ауыл шаруашылығы саласында кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

тек импорттық асыл тұқымды мал басын сатып алу қаржыландырылады;

сатып алынатын аналық мал басына сәйкес арақатынас сақталмаған жағдайда бұқаларды сатып алу қаржыландырылмайды (1 бұқаға 30 аналықтан артық емес есеппен);

сатып алынатын асыл тұқымды ІҚМ ең төменгі саны:

1. «Игілік» бағыты бойынша – 100-ден 499 басқа дейін;
2. «Береке» бағыты бойынша – 500 бастан бастап.

Ерекше шарттар:

– Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 3-3/1061 «Ауыл шаруашылығы малдарының табиғи кему (өлу) нормаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес табиғи шығын нормаларын қоспағанда сатып алынған аналық мал басын мақсатты пайдалану мерзімі кемінде 4 (төрт) жыл;

– ет бағытындағы мал басын сатып алған жағдайда 1 бұқаға 30 аналықтан аспайтын есеппен бірінші санаттағы асыл тұқымды бұқа-өндірушілерді ұдайы өндіріске пайдалануды қамтамасыз ету және/немесе ұрықтандыру актілерімен расталатын қолдан ұрықтандыруды пайдалану қажет;

сатып алынатын бұқа-өндірушілерді мақсатты пайдалану қатарынан 2 (екі) ұрықтандыру маусымынан аспауы тиіс (кемінде 18 ай).

2. «Игілік», «Береке» бағыттары бойынша асыл тұқымды ІҚМ басын сатып алу жобаларына қойылатын негізгі талаптар

2.1) Инфрақұрылым мен жабдықтарға қойылатын талаптар:

1. Жануарларды ұстауға арналған үй-жайлардың, жеңілдетілген (капиталды емес) құрылыстардың/ғимараттардың/жабық қалқалардың болуы, сондай-ақ жануарларды ұстауға арналған қоршаулар, олар сатып алынатын және (бар болған жағдайда) өз мал басын ұстауға мүмкіндік беруі тиіс, ІҚМ-ның 1 басына кемінде 3 ш.м. есебімен; серуендету-азықтандыру алаңдары – ІҚМ-ның 1 басына кемінде 8 ш.м. (қатты жабындымен) немесе ІҚМ-ның 1 басына кемінде 15 ш.м. (қатты жабынсыз), желден қорғау болуы тиіс.
2. Раскол және таразылары бар зооветеринариялық (бекітуге арналған) станок.

2.2) Сатып алынатын ІҚМ-ға қойылатын талаптар:

3. Қарыз алушыда карантиннен шыққан сәттен бастапсатып алынатын асыл тұқымды малдың жасы:
1) ет тұқымды аналық мал – 9-18 ай аралығында (қоса алғанда);
2) сүт тұқымды тайыншалар – 12-17 ай аралығында (қоса алғанда);
3) сүт тұқымды қашарлар (буаздығы 5 айдан аспайтын) – 18-26 ай аралығында (қоса алғанда);
4) ет тұқымды бұқа-өндірушілер – 12-26 ай аралығында (қоса алғанда).
4. Қарыз алушы сатып алынатын асыл тұқымды ІҚМ-ды RFID чиптерімен сәйкестендіруі тиіс. RFID чиптерін сканерлейтін және деректерді жинақтайтын құрылғыларды пайдалану.
5. Асыл тұқымды малды сатып алу кезінде қамтамасыз ету:
асыл тұқымды куәліктің немесе оған баламалы құжаттың болуды;
асыл тұқымды куәлікті немесе оған баламалы құжатты тұқым бойынша республикалық палатамен келісу және қаржыландыру басталғанға дейін ветеринария органдарынан импортталатын ІҚМ-ды Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге және тасымалдауға рұқсат алынғанын растайтын құжаттарды ұсынуды.
6. Импортталатын ІҚМ-ның 1 басына арналған шекті бағалар Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2026 жылғы 19 наурыздағы №2-4-3/5405 хатымен қабылданған мөлшерлерден аспауы тиіс:

сүт тұқымды тайыншалар – ІҚМ-ның 1 басына 1 200 000 теңге;

сүт тұқымды қашарлар – ІҚМ-ның 1 басына 1 800 000 теңге;

– 9-12 ай жастағы ет тұқымды аналық мал– ІҚМ-ның 1 басына 1 050 000 теңге;

– 13-18 ай жастағы ет тұқымды аналық мал, оның ішінде қашарлар) – ІҚМ-ның 1 басына 1 200 000 теңге;

бұқа-өндірушілер – ІҚМ-ның 1 басына 1 800 000 теңге.

2.3) Азықтық базаға қойылатын талаптар:

7. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің болуы:
1. ет бағытындағы ІҚМ үшін:

жайылымдар – ІҚМ-ның 1 басына кемінде 3 га;

шабындықтар немесе суарылмайтын егістік жерлер – ІҚМ-ның 1 басына кемінде 1 га немесе суармалы егістік – ІҚМ-ның 1 басына кемінде 0,5 га (Қостанай облысының Амангелді, Жангелді аудандары мен Арқалық қаласы, сондай-ақ Ұлытау облысы үшін міндетті емес).

Шабындықтар немесе егістік жерлер болмаған жағдайда – ІҚМ-ның 1 басына кемінде 9 га жайылым болуы тиіс;

2. сүт бағытындағы ІҚМ үшін:

суарылмайтын егістік – ІҚМ-ның 1 басына 3 га немесе

суармалы егістік – ІҚМ-ның 1 басына 1 га.

8. Азық дайындауға арналған жабдықтардың болуы.
9. Азық тарату техникасының болуы.
10. Азық дайындау техникасының болуы.
11. Азық сақтауға арналған қойманың болуы.
12. Қорада ұстау кезеңінде судың болуы – жылытуы бар суаттар (Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстары, сондай-ақ Жетісу облысы мен Шымкент қаласында орналасқан шаруашылықтар үшін міндетті емес), ІҚМ-ның 1 басына кемінде 0,3 м азықтандыру фронты бар науалардың болуы.

2.4) Қаржылық және құрылымдық талаптар:

Негізгі қарызды және сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

1. ет бағыты:

тайыншаларды сатып алу кезінде – 30 айдан аспау;

қашарларды сатып алу кезінде – 24 айдан аспау.

2. сүт бағыты – 24 айдан аспау.

II. Сақтау инфрақұрылымын дамыту саласында:

Элеваторларды қаржыландыру кезіндегі критерийлер мен талаптар (инвестициялық мақсаттар)

Кредит беру мөлшерлемесі – жылдық 6%;

Кредит беру мерзімі – 120 айға дейін;

Кепілдік қамтамасыз ету – ЕДБ-ның Кепіл саясатына сәйкес;

Қарыз алушыға қойылатын негізгі талаптар:

кредит қаражаттарын мақсатты пайдалану қолма-қолсыз тәртіппен жүзеге асырылады;

Жобаға қойылатын негізгі талаптар:

жобаның өтелімділігі қаржыландыру мерзімі ішінде қамтамасыз етілуі тиіс;

тауарларды (қызметтерді) өткізу нарықтарының болуы;

жеткізушілерді, технологиялық жабдықтарды және өзге де жылжымалы мүлікті (арнайы техника, жабдық және т.б.) таңдау мәселелерінің пысықталуы, жеткізушімен жабдықтарды жеткізу және монтаждау мерзімдерінің, оның техникалық сипаттамасының, сондай-ақ өзге де шарттардың келісілген болуы.

Элеваторларға қойылатын негізгі талаптар:

1. Сақтау сыйымдылығы 10 000 тоннадан бастап. Бұл ретте қолданыстағы өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, сондай-ақ жаңа элеватор салуға қаржыландыру жүзеге асырылады.
2. Автомобиль жолдарына және/немесе теміржол станцияларына және/немесе айлақтарға, кірме жолдарға және/немесе теміржол тұйығына, сыртқы инженерлік желілерге жақын орналасуы.
3. Өнімді қабылдау және жөнелтудің электрондық жүйесінің болуы.
4. Пайдалануға берілгеннен кейін Өсімдік шаруашылығының қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелуі.
5. Жобаның кешенділігін сақтау: технологиялық жабдықтардың болуы, оның ішінде таразы және зертханалық жабдықтар; астықты қабылдау, тазалау және кептіру жабдықтары; көлденең, көлбеу және тік тасымалдағыштар (нориялар), майлы дақылдар үшін футеровка қарастырылуы тиіс; тиеу-түсіру жабдықтары (теміржол және автокөлік); желдетілетін силостар; температура мен ылғалдылықты бақылау датчиктері.

*талап тек жаңа жобаларға және/немесе кеңейту/жаңғырту шеңберінде тиісті объектілерді салуды көздейтін жобаларға қолданылады.

6. Өндірісті қызмет көрсету және жұмыс істеуі үшін қажетті сыртқы инженерлік желілердің болуы.

Астық қоймаларына қойылатын негізгі талаптар:

1. Сақтау сыйымдылығы кемінде 500 тоннадан бастап. Бұл ретте қолданыстағы өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, сондай-ақ жаңасын салуға қаржыландыру жүзеге асырылады.
2. Автомобиль жолдарына және/немесе теміржол станцияларына және/немесе айлақтарға, кірме жолдарға және/немесе теміржол тұйығына, сыртқы инженерлік желілерге жақын орналасуы.
3. Жобаның кешенділігін сақтау: технологиялық жабдықтардың болуы, оның ішінде таразы жабдықтары; астықты қабылдау, тазалау және кептіру жабдықтары; тиеу-түсіру техникасы (автокөлік); астық сақтау объектілері (ангарлар, қойма).

*талап тек жаңа жобаларға және/немесе кеңейту/жаңғырту шеңберінде тиісті объектілерді салуды көздейтін жобаларға қолданылады.

4. Өндірісті қызмет көрсету және жұмыс істеуі үшін қажетті сыртқы инженерлік желілердің болуы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/1199000?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version