Маңғыстау облысында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысы аумағында ағымдағы жылдың 10–15 сәуір аралығында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты — заңсыз қару айналымының алдын алу, атыс қаруын сақтау, тіркеу және пайдалану қағидаларының сақталуын күшейту, сондай-ақ осы саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тіркелген қару иелерін тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеріп, қаруды сақтау талаптарының, арнайы сейфтердің техникалық жай-күйінің және тиісті рұқсат құжаттарының болуына ерекше назар аударуда. Сонымен қатар, азаматтармен қарумен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ заңсыз сақталған қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды анықтау, ерікті түрде тапсыру және тәркілеу бағытында жұмыстар жүргізілуде. Іс-шара аясында олардың заңсыз айналымға түсуіне жол бермеу бойынша тиісті шаралар қабылдануда.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті азаматтарға заңсыз сақталған қару-жарақты ерікті түрде тапсыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершіліктен босататынын еске салады.

Полиция қару иелерін заң талаптарын қатаң сақтауға, қаруды уақтылы тіркеуден өткізуге және қайта тіркеу рәсімдерін уақытында орындауға шақырады.

Қауіпсіздік — баршамызға ортақ міндет!

https://www.instagram.com/reel/DW-9gjAjFEI/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1198998?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version