Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқамасына сәйкес Маңғыстау облысы Полиция департаментінде қызметкерлерді жазғы киім нысанына көшіруге байланысты гарнизондық саптық жиын өткізілді. Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды.
Саптық жиын барысында қызметкерлердің киім нысанының талаптарға сәйкестігі, погондардағы айырым белгілерінің және төсбелгілердің дұрыс тағылуы, сондай-ақ қызметтік куәлік пен жетондардың сәйкестігі тексерілді.
Сонымен қатар, жаңадан қабылданған жас қызметкерлердің салтанатты ант қабылдау рәсімі өтті. Олар Қазақстан халқына және Отанға адал қызмет етуге ант берді. Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі А. Мұқан бұл күннің маңыздылығын атап өтіп, жас қызметкерлерге артылған жауапты міндеттің жоғары екенін жеткізді.
Салтанатты жиын барысында қызметтік міндеттерін адал әрі мінсіз атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерге кезекті арнайы атақтар табысталды.
Мұндай іс-шаралар қызметтік тәртіпті нығайтуға, жеке құрамның кәсіби деңгейін арттыруға және қызметтік жауапкершілікті күшейтуге ықпал етеді.
https://www.instagram.com/reel/DW8tMWfjDLx/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1198995?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау