Маңғыстауда ҚАЖ департаментінің жас қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау облысында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің жас қызметкерлері салтанатты түрде ант қабылдады.

Іс-шара барысында жас мамандар қызметтік міндеттерін адал атқаруға, заңдылықты қатаң сақтауға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға берік болуға салтанатты түрде уәде берді. Бұл – олардың кәсіби жолындағы маңызды әрі жауапты кезең.

Салтанатты рәсімге Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Ильяс Кирбасов қатысты. Ол жас қызметкерлерді маңызды қадаммен құттықтап, қызметте тәртіп, жауапкершілік және кәсіби адалдықтың ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Басшылық құрам жас мамандарға жылы лебізін білдіріп, жүйеде олардың рөлі алдағы уақытта арта түсетінін, жас буынның білімі мен энергиясы саланың дамуына серпін беретініне тоқталды.

Жас қызметкерлер үшін ант қабылдау – тек формальды рәсім емес, мемлекет алдындағы жауапкершілікті терең сезінетін маңызды сәт. Алдағы уақытта олар тәжірибелі әріптестерінен үйреніп, кәсіби тұрғыда қалыптасатын болады.

Маңғыстау ҚАЖ департаменті жас кадрларды қолдау мен дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.

Болашақ – тәртіп пен жауапкершілікті таңдаған жастардың қолында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-mangystau/press/news/details/1198904?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version