Облыс дін істері басқармасының басшысы Н.Ж. Байбакиров Успен ауданына барды. Сапар барысында ол аудандық мешіт пен аудандық шіркеуде болып, олардың қызметімен танысты.
Сонымен қатар, басқарма басшысы Тобылжан ауылына барып, мешіт құрылысының барысымен танысты. Кездесу аясында ол құрылыс бастамашылары мен ауыл әкімдігі қызметкерлеріне діни ғимараттарды салуға байланысты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат берді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1198991?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау