Павлодар облысында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бастамасы аясында қоршаған ортаға жауапкершілікті арттыруға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза қала» ауқымды экологиялық акциясы өткізілді.
Акция шеңберінде өңірдің үш қаласында аумақтарды тазалау және ретке келтіру бойынша экологиялық іс-шаралар ұйымдастырылды. Тұрғындар, еріктілер, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері қоғамдық орындарды, аулаларды және табиғи аймақтарды тазалау жұмыстарына белсенді қатысты.
Аталған акцияға Павлодар қаласының ЖЭО-3 ұжымы да қосылып, іргелес аумақтарды абаттандыру мен санитарлық тазалау жұмыстарына өз үлесін қосты.
Сонымен қатар, халық арасында экологиялық ағартуға ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында «Таза қала – Таза жәрмеңке» ауылшаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылып, онда жергілікті ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің өнімдері ұсынылумен қатар, экологиялық жауапты тұтыну мәдениетін насихаттау жұмыстары жүргізілді.
Жәрмеңке барысында тұрғындарға экошопперлерді, биоыдырайтын және қайта өңделетін қаптамаларды пайдалану ұсынылды. Бұл бастамалар тұрғындар тарапынан оң қолдау тауып, экологиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етті.
Өткізілген іс-шаралар қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруда маңызды қадам болып, өңір тұрғындарын тазалық пен тұрақты даму идеясы төңірегінде біріктірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar/press/news/details/1198949?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау