ПИК, МИБ, ЖСУ: ШҚО-да көпқабатты тұрғын үйлерді басқару және күтіп ұстау түрлері қаралды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскеменде «AMANAT» партиясының «TURǴYNDAR AMANATY» жобасы аясында «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты өңірлік форум өтті.

Шараның негізгі тақырыбы – көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару. Тиімді басқару нысаны жоқ тұрғын үйлер мәселесі әлі де өзекті екені атап өтілді. Бұл өз кезегінде қарыздардың жиналуына, тұрғын үй қорының тозуына және тұрғындардың өмір сапасының төмендеуіне әкеледі.

Талқылауға депутаттар, салалық ұйым, МИБ, ПИК және ЖСУ өкілдері қатысты. Басқару нысандарын қайта тіркеу, үйлерді күтіп ұстау және аулаларды абаттандыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ басқарушы ұйымдармен қатар тұрғындардың да жауапкершілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай алаңдар ашық диалог орнатуға және нақты шешімдер табуға мүмкіндік береді. Негізгі міндет – талқылаудан нақты іске көшу. Осы мақсатта форум басталар алдында салалық семинар өтті. Онда мамандар саладағы өзекті мәселелерді жан-жақты қарастырды. Қатысушылардың барлық ұсынысы мен ескертуі жүйеленіп, әрі қарай пысықтау үшін жолданды.

Қатысушылардың пікірінше, әр үйді тиімді басқару жүйесі тұрғындар үшін тәртіп, жайлылық және сенім қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1198891?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version