Қарағанды облысының прокуратурасы денсаулық жағдайы жол қозғалысына қауіпсіз қатысуға кедергі келтіретін жүргізушілердің көлік жүргізу құқығын тоқтатуға қатысты заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.
Прокурорлардың талап-арыздары бойынша бүгінгі күні 8 жүргізуші көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
Тағы 36 талап-арыз сотта қаралуда.
Сонымен қатар прокурорлар полиция органдарының атына 11 талап-арыз енгізді, заң бұзушылықтарды жою аясында 350 жүргізушіге қатысты талап-арыздар қаралуда.
Аталған шаралар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға, азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, барлық жол қозғалысына қатысушылар үшін қауіптерді азайтуға бағытталған.
Бұл жұмыс жалғасын табады.
#законипорядок#закон_и_порядок
Қарағанды облысының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-karagandy/press/news/details/1198913?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау