«Шапағат» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек орталығы» қоғамдық қоры және Атырау облысы ҚАЖД-ға қарасты Пробация қызметі мекемесінің бірлесуімен пробация есебінде тұрған жасөспірімдерге арналған «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық қолдау көрсетуге бағытталған тренинг ұйымдастырылды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, өз-өзіне деген сенімділігін арттыру және дұрыс шешім қабылдай білу дағдыларын дамыту болды.

Тренинг барысында қатысушылармен ашық форматта әңгіме жүргізіліп, түрлі танымдық әрі психологиялық ойындар ұйымдастырылды. Ойындар арқылы жасөспірімдер өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірімен қарым-қатынас жасау дағдыларын жетілдірді.

Сонымен қатар, өмірдің құндылығы, мақсат қою және болашаққа деген сенім тақырыптары кеңінен талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duisatyrau/press/news/details/1199010?lang=kk

Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version