Түркістан облысы полиция департаментінде қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазықызының қатысуымен отбасы құндылықтарын нығайтуға арналған “Берекелі отбасы” тақырыбында танымдық кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты — отбасы институтын нығайту, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру.
“Берекелі отбасы” тақырыбындағы кездесуге 250-ге жуық әйел офицерлер мен полиция қызметкерлерінің жұбайлары қатысты. Кездесу барысында Оразкүл Асанғазықызы қатысушылармен өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, жас ұрпақ тәрбиесі, ата-ананың қоғамдағы рөлі, ұлттық болмыс пен дәстүрдің маңызы туралы кеңінен әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту мәселесіне де ерекше тоқталды. Өз кезегінде Түркістан облысы ПД бастығы Арыстанғани Заппаров мұндай кездесулердің маңыздылығын атап өтіп, отбасының беріктігі әрбір полиция қызметкері үшін басты тірек екенін жеткізді.
Шара соңында қатысушылар спикерге алғыс білдіріп, оның отбасы құндылықтарын насихаттауға және жас буынды тәрбиелеуге қосқан үлесін жоғары бағалады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-turkistan/press/news/details/1198919?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау