Көркем гимнасшыларымыз топтық жаттығудан әлем Кубогында күміс жүлде алды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көркем гимнастикадан Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатқан әлем Кубогының екінші кезеңінде алғашқы жүлде түсті.

Араға 4 жыл салып, топтық жаттығудан Жасмин Жүнісбаева, Аида Хәкімжанова, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Кеңес, Айзере Нұрмағамбетова бастаған аруларымыз 51,25 ұпаймен үздік үштікке кірді.

1-орын. Қытай – 55.90 ұпай
2-орын. Қазақстан – 51,25
3-орын. Бейтарап спортшылар – 51.10

Бұған дейін 2022 жылы дәл осы Ташкент төрінде отандастарымыз топтық жаттығуда қола жүлде еншілеген еді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1199053?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version