Армения астанасы Ереванда спорттық және жауынгерлік самбодан әлем кубогы басталды.
Алғашқы жарыс күнінің нәтижесінде Қазақстан командасының өкілдері 1 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль жеңіп алды. Назарыңызға жүлдегерлерді ұсынамыз:
Чемпиондар:
Арнұр Қуатай (-71 кг) спорттық самбо
Күміс жүлде:
Жандос Бейсенбаев (-71 кг) спорттық самбо
Еламан Қойшыбаев (-98 кг) спорттық самбо
Темірлан Көлбай (+98 кг) спорттық самбо
Аружан Әсемқамалқызы (-72 кг) жауынгерлік самбо
Қола жүлде:
Нұрсұлтан Нұрсейітов (-64 кг) спорттық самбо
Дәурен Қамаш (-88 кг) спорттық самбо
Шолпан Алтынбек (-50 кг) жауынгерлік самбо
Маржан Бизақ (-59 кг) жауынгерлік самбо
Арухан Тұрғынбоева (-65 кг) жауынгерлік самбо
Меруерт Нұрмаханова (-65 кг) жауынгерлік самбо
Ұлбосын Әділова (-80 кг) жауынгерлік самбо
Нұрила Асанқызы (+80 кг) жауынгерлік самбо
Айта кетейік, бұл биылғы маусымдағы самбошылар үшін алғашқы рейтингтік жарыс саналады. Бүгін шешуші жарыс күні қалған салмақтағы жүлдегерлер белгілі болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1199081?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау