ТАЗА АУЫЛ – ОРТАҚ ІС

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Темір ауыл округінде «Таза ауыл» экологиялық акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – елді мекен аумағында тазалық жұмыстарын жүргізу, абаттандыру деңгейін арттыру және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру.

Сенбілікке ауыл тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, «Темір жалпы білім беретін мектебі» КММ, «С.Әлиев атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектебі» КММ, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ГП Шымкент бөлімшесі» филиалы Темір станциясының қызметкерлері, Темір ауылдық емханасы, «Алпамыс» және «Ер-Төстік» бөбекжай балабақшалары, сондай-ақ Темір ауылдық мәдениет үйінің ұжымы жұмыла жұмыс атқарды.

Акция барысында қоғамдық орындар тазартылып, қоқыс қалдықтары шығарылды, жасыл аймақтар ретке келтіріліп, суғару жүйелері тазартылды. Ұйымшылдық пен бірліктің нәтижесінде бірқатар аумақтардың санитарлық жағдайы жақсартылды.

Темір ауыл округі әкімдігі барша тұрғындарды тазалықты сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға және экологиялық акцияларға белсене қатысуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1199076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version