ТҮРКІСТАНДА 45 МЫҢ АҒАШ ПЕН 1,5 МЛН ГҮЛ ЕГІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Түркістан қаласында тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және шаһардың экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда.
Бүгінде қала аумағында 45 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 1,5 миллионға жуық гүл егілді. Атқарылып жатқан жұмыстар қала көшелері мен қоғамдық орындардың көркін арттырып, тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы атмосфера қалыптастыруға ықпал етуде.
Қазіргі таңда көгалдандыру және әрлеу жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Мамандар тарапынан жасыл желектерді күтіп-баптау, суару және оларды сақтау шаралары да қатар жүргізілуде. Сонымен қатар, отырғызу жұмыстары күзгі маусымда да жалғасып, жасыл желек көлемін одан әрі арттыру жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1199051?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version