Жыл басынан бері Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды 7,5 мыңнан астам турист тамашалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024 жылы кешенге 11 мыңнан астам адам келген. Ал биыл жыл басынан бері ғарыш айлағынан 4 зымыран ұшырылып, оларды 7,5 мыңнан астам турист бақылаған.

«Байқоңыр» кешеніндегі ғарыш туризміне деген қызығушылық жыл сайын артып келеді. Қалада қазіргі таңда шамамен 700 нөмір қоры бар 7 қонақ үй жұмыс істейді.

«Байқоңыр» – әлемде теңдесі жоқ, туристік әлеуеті жоғары бірегей кешен.
Зымыран ұшыру сәттерінде туристік бағдарламаларды отандық туроператорлар ұйымдастыратынын ерекше атап өткен жөн.

Кешен аумағына кіру рәсімдерін жеңілдету мақсатында ғарыш айлағына баруға рұқсаттарды электронды форматта беру тетігін енгізу, сондай-ақ негізгі туристік нысандарға өтінім беру мерзімін қысқарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Зымыран-тасығыштардың ұшырылымын ыңғайлы тамашалау үшін 400 орындық бақылау алаңы ашылған.

Еске сала кетейік, «Байқоңыр» кешені Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында басым туристік бағыттардың тізіміне енгізілген.

Бұл бағытты жүйелі түрде дамыту мақсатында жергілікті атқарушы орган Қызылорда облысында туризмді дамытудың 2024-2027 жылдарға арналған Жол картасын бекітті. Құжатта туристік инфрақұрылымды кеңейту және келушілер санын арттыру бойынша нақты шаралар көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/1199082?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version