Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы аясында Қостанай ауданында заманауи орман-саябақ аймағын құру жоспарлануда.
Эко-парк Мичурин ауылдық округінің мемлекеттік орман қоры аумағында орналасатын болады. Аумағы 43,8 гектарды құрайды.
Жоба аясында 2,5 км жүгіру және веложолдар, спорт алаңдары, балалар аймағы, воркаут алаңы, 300 орындық автотұрақ.
🌱 Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыс бойынша 77,3 мың көшет отырғызу жоспарланып отыр.
Эко-парктің құрылысы инфрақұрылымды дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға маңызды серпін беріп, белсенді әрі отбасылық демалыс үшін жаңа тартымды орын қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1199599?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау