Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларына сәйкес, санаторий- курорттық емдеуден өту кезінде келесі әлеуметтік көмек көрсету қарастырылған:
– 1 – топтағы мүгедектігі бар адамдарға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 55 АЕК мөлшерінде ( 2026 жыл – 237 875 теңге);
– 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына 20 АЕК мөлшерінде ( 2025 жыл- 86 500 теңге);
Әлеуметтік көмек алу үшін қажет құжаттар (түпнұсқада ұсынылады):
- Жеке басын куәландыратын құжат (салыстыру үшін);
- 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға – жеке көмекшінің қызметін алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі; 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға – санаторий-курорттық ем алуға мүгедектігі бар адамның абилитациясы және оны оңалтудың жеке бағдарламасының әлеуметтік бөлігінен үзінді көшірмесі;
- Растайтын құжаттар – орындалған жұмыстар актісі, шот – фактура.
- Қазпошта, Халық, Форте немесе Каспий банктерінде ашылған дербес шоттың 20 таңбалы нөмірі.
Қосымша ақпаратты Энергетиктер көшесі, 62 мекенжайындағы «Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі» ММ-індегі №106 кабинеттен немесе 740120, 740081 телефондары арқылы алуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-enbek/press/news/details/1199084?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау