2026 жылғы 1 сәуірден бастап банктер жеке тұлғалардың мобильді аударымдары туралы мәліметтерді салық органдарына ұсынуды бастайды.
Аталған шараның мақсаты — қаржылық ашықтықты қамтамасыз ету және тіркелмеген кәсіпкерлік қызметті анықтау.
Қандай жағдайлар бақылауға алынады?
Барлық аударымдар емес, тек келесі шарттар бір уақытта орындалған жағдайда ғана тексеру жүргізіледі:
– әртүрлі 100 және одан да көп адамнан қаражат түсуі;
– аударымдардың қатарынан 3 ай бойы қайталануы;
– жалпы сомасы 1 020 000 теңгеден асуы.
Осы талаптардың барлығы сәйкес келгенде ғана назарға алынады.
Назар аударыңыз
Бұл өзгерістер шоттарды автоматты түрде бұғаттауды білдірмейді.
Тексеру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады:
– бастапқыда камералдық бақылау жүргізіледі;
– кейін салық төлеушіге ресми хабарлама жолданады;
– 30 жұмыс күні ішінде:
— түсіндірме беру;
— қаражаттың шығу тегін дәлелдеу;
— қажет болған жағдайда бұзушылықтарды түзету мүмкіндігі ұсынылады.
Жеке аударымдарға қатысты
Егер қаражат:
– жақындардан көмек ретінде;
– емделу үшін жиналған қаржы;
– қарызды қайтару;
– сыйлық немесе жеке қажеттілік мақсатында түскен болса,
мұны тиісті дәлелдермен растауға болады.
Мұндай түсімдерге салық салынбайды.
Бақылаудың негізгі бағыты
Бұл шара ең алдымен жасырын кәсіпкерлік қызметті анықтауға бағытталған.
Мысалы:
– тұрақты түрде тауар сату;
– қызмет көрсетіп, бірақ ЖК (ИП) тіркелмеу;
– жүйелі табыс таба отырып, салық төлемеу.
Маңызды білу қажет
– Жеке тұлғалар арасындағы аударымдар заң шеңберінде жүзеге асырылады және салық салынбайды;
– Бақылау қарапайым азаматтарға емес, көлеңкелі бизнеске бағытталған;
– Егер кәсіпкерлік қызмет жүргізбесеңіз, алаңдаудың қажеті жоқ.
Қорытынды
Мобильді аударымдарды бақылау — заңсыз кәсіпкерлікті анықтауға арналған құрал. Бұл барлық азаматтардың жеке қаржылық операцияларын толық бақылау деген сөз емес.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-mangistau/press/news/details/1199589?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау