Абай облысы Полиция департаментінде гарнизондық таралым өткізіліп, жеке құрамға қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы нақты міндеттер жүктелді.
Осындай мазмұндағы таралымдар аумақтық бөліністерде де ұйымдастырылып, өңір бойынша құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасатыны атап өтілді.
«Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті сақтау – полиция қызметінің басты міндеттерінің бірі. Әрбір қызметкер өзіне жүктелген міндетті жоғары жауапкершілікпен атқарып, азаматтармен қарым-қатынаста әдептілік пен заңдылық қағидаттарын берік ұстануы тиіс. Халықтың сенімі – біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші», – деді полиция полковнигі Жасұлан Байкенов.
Таралым барысында қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтардың алдын алу, жедел жағдайға дер кезінде әрекет ету, халықпен профилактикалық жұмысты күшейту және қызмет атқару барысында заң талаптарын мүлтіксіз сақтау міндеттері пысықталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1199969?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау