Аймақ басшысы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасарын қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Облыс әкімі Асхат Шахаров ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімовті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ, Агенттіктің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Айбек Шілманов қатысты.

Басқосуда 2026 жылдың І тоқсаны бойынша мемлекеттік қызмет саласындағы көрсеткіштердің қорытындысы, өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы жұмыстар барысы айтылды.

Негізгі индикаторлар, соның ішінде меритократия деңгейі, кадр тұрақтылығы, азаматтардың қалпына келтірілген құқықтары және әдеп кеңесі ұсынымдарының орындалуы белгіленген межеден жоғары.

Облыста 3822 мемлекеттік қызметші жұмыс істейді, жалпы саладағы жағдай тұрақты. Тараптар мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және халық сенімін нығайту бағытындағы жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1199555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version