Акушерлік кадрларды даярлаудағы сабақтастық және инновациялар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қостанай жоғары медицина колледжі» КМК-сы базасында медицина колледжі оқытушылары мен стационарлық және амбулаториялық деңгейдегі акушерлерге арналған «Акушерлік білім беру мен практиканың сабақтастығы: аудиториядан клиникаға дейін» тақырыбында халықаралық қатысумен республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Солтүстік Қазақстан облысының делегация өкілдері: «СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» КММ МСАК басшысының орынбасары Саржанов Н.Ж., «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Көп бейінді облыстық балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры Мустафин А.Ж., «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «№3 қалалық емхана» ШЖҚ КМК директоры Кусемисов К.Т., «СҚО әкімдігінің ДСБ» КММ «Аққайың аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры Улмесеков Р.М., Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің директоры, «Акушерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ төрағасы Иманжанов Н.Т., Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі директорының орынбасары Шигорбаева А.И., Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжі директорының орынбасары Садовой Е.Г., Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бадагазина Н.Н., Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Абилькина Ш.К.

Пленарлық отырыс аясында СҚО әкімдігі денсаулық сақтау ДСБ басшысының орынбасары Саржанов Н.Ж. өңірдің акушерлік қызметін дамытудың стратегиялық бағыттарына арналған баяндама ұсынды. Қазақстан Республикасында бейіндік білім беруді дамыту векторлары туралы Ж.Тлеулин атындағы Солтүстік Қазақстан жоғары медицина колледжінің директоры, «Акушерлік іс» мамандығы бойынша ОӘБ төрағасы Иманжанов Н.Т. баяндады.

«Акушерлік білім берудің заманауи модельдері: сын-тегеуріндер мен перспективалар» секциясы аясында Абилькина Ш.К. сөз сөйлеп, кадрлар даярлаудағы теория мен практиканың ажырамас байланысының маңыздылығына баса назар аударды.

Бағдарламаға «Две жизни на ладони» халықаралық студенттік шеберлік конкурсы, «Қазақстан Республикасының кәсіптік білім беру жүйесіндегі «Акушерлік іс» мамандығын дамыту» ОӘБ отырысы, Қостанай облысының мейіргерлеріне арналған дөңгелек үстел, қала және колледж бойынша экскурсия кірді.

Өткізілген іс-шара білім беру ұйымдары мен медициналық колледждер арасындағы тәжірибе алмасуға арналған тиімді диалог алаңына айналды. Қатысушылар академиялық білімді клиникалық практикаға ықпалдастыру медициналық қызметтердің сапасын арттырудың және болашақ мамандардың кәсіби өсуінің кепілі деген ортақ пікірге келді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-zdrav/press/news/details/1200029?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version