Алматының Медеу ауданында Терісбұлақ өзенінің жағалауы қоқыстан тазартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласының Медеу ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында тұрғындар мен түрлі ұйым қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өтті. Іс-шараға Ядролық физика институтының өкілдері де атсалысты.

Жұмыстар Алатау шағынауданында, сондай-ақ Терісбұлақ өзенінің батыс жағалауында — Оспанов көшесінен Жамақаев көшесіне дейінгі аралықта жүргізілді. Қатысушылар қоқыс жинап, аумақты тазалап, іргелес жерлерді ретке келтірді.

Жұмыстарды жүргізу үшін арнайы техника жұмылдырылып, қатысушылар қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.

Медеу ауданы әкімінің орынбасары Айдос Нұрлыбаевтың айтуынша, сенбілікке түрлі сала өкілдері қатысты.

«Бүгін «Таза Қазақстан» акциясы аясында Медеу ауданында сенбіліктер ұйымдастырылып жатыр. Қазіргі таңда Алатау шағынауданында тұрғындар, мектеп пен балабақша ұжымдары, медицина қызметкерлері және Ядролық физика институтының қызметкерлері жұмылдырылды. Мұнда жалпы саны шамамен 300 адам қатысуда. Екінші мекенжайда тағы 110-ға жуық адам қатысты», — деді ол.

Іс-шара барысында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етіліп, аумақта медицина қызметкері кезекшілік атқарды.

Акцияға балалар да қатысып, олар үшін арнайы анимациялық бағдарламалар ұйымдастырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1199381?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version