Алматының Наурызбай ауданында әлеуметтік осал топтағыларға 5,5 мыңнан астам пәтер беріліп, 3 мың адамға АӘК көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызбай ауданы халықты әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмысты күшейтіп жатыр. Бұл туралы аудан әкімі Назира Тоғызбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте хабарлады.

Соңғы бес жылда Алматы әкімдігі әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға 5,5 мыңнан астам пәтер берген. Олардың қатарында көпбалалы отбасылар, зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен басқа санаттағылар да бар.

Жыл басынан бері 3 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) көрсетіліп, жалпы көлемі 71,7 млн теңгені құрады. Сонымен қатар, шамамен 1 200 мұқтаж азаматқа 61 млн теңгеден астам қосымша көмек беріпті.

«Aleumet» порталы арқылы 1 500-ге жуық адамға 329 млн теңге көлемінде оңалту құралы берілді. Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған қымбат техникалық құралдарды сатып алуға да қаражат бөлінген.

Ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру», «TenQogam» мен «Отбасын қолдау орталығы» сияқты қолдау орталықтары да жұмыс істейді. Мұнда тұрғындар әлеуметтік, білім беру мен кеңес беру қызметін ала алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1199877?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version