Ақтауда құрылысшылар теңіз жағалауын қоқыстан тазартты

Жарияланды:

Автор:

категорияда
11 сәуір күні Ақтау қаласында өткен ауқымды сенбілік аясында құрылыс саласының өкілдері де белсенділік танытып, теңіз жағалауын қоқыстан тазарту жұмыстарына атсалысты.

Шара барысында 50-ге жуық «Оңдасын строй» ЖШС қызметкерлері жағалау аумағындағы қураған шөптерді жұлып, тұрмыстық қалдықтарды жинап, тазалық жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар құрылысшылар демалыс аймағындағы балясиналарды сырлап, аумақты абаттандырды.

– Барша қала тұрғындары мен құрылыс мекемелерін осындай игі тазалық шараларына белсенді түрде атсалысуға шақырамын, – деді «Оңдасын строй» ЖШС өкілі Еркін Қайдаров.

Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1200006?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version