Ақтаудағы кафе-барларда құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстары күшейтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүйелі түрде шақыртулар тіркелетін көңіл көтеру орындарында профилактикалық іс-шаралар өткізілуде.

Аталған жұмыстар аясында Ақтау қаласы прокурорының орынбасары Ақтау қаласы Полиция басқармасының басшылығымен бірлесіп, қала аумағында орналасқан бірқатар кафе-барларда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, Пинта, Азия, Malibu, OMG және Rich House нысандары қамтылды.

Іс-шара барысында аталған мекемелердің өкілдеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында күзет қызметін қолданыстағы заң талаптарына сәйкестендіру, нысандардың ішіндегі «соқыр аймақтарды» жою үшін қосымша бейнебақылау камераларын орнату қажеттігі жеткізілді.

Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті сақтау, келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша нақты ұсынымдар берілді.

Бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, тұрақты бақылауда болады.

https://www.instagram.com/reel/DW_mz22jfZN/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1199897?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version