2026 жылғы 10 сәуірде Атырау облысы Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру жұмысы және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері мен Атырау облыстық нотариаттық палатасының өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңының 6-бабының талаптары, сондай-ақ нотариаттық қызмет мәселелері бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары қарастырылды.
Кеңес аясында нотариаттық қызмет көрсету саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заң талаптарын сақтау, қызмет сапасын арттыру, сондай-ақ азаматтарға көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен тиімділігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында белгіленген біліктілік талаптарын қатаң сақтау, кәсіби жауапкершілікті арттыру, қызмет алушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ қызмет көрсету процесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1199285?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау