Атырауда полицейлер жол үстінде есінен танып қалған жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда
12 сәуір күні Атырау облысы ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері Мақат ауданынан іссапардан қайтып келе жатқан сәтте Атырау–Құлсары тас жолы бойында жолдан шығып кеткен Shacman жүк көлігін байқайды.
Оқиға орнына дереу тоқтаған полиция қызметкерлері көлік жүргізушісінің есінен танып қалғанын анықтап, жедел түрде алғашқы медициналық көмек көрсетеді. Кейін жедел жәрдем қызметі шақыртылып, 43 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматы оқиға орнына келген медицина қызметкерлеріне тапсырылды.
Полиция қызметкерлерінің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында азаматқа дер кезінде көмек көрсетіліп, оқыс оқиғаның алдын алынды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-atyrau/press/news/details/1199160?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version