Аудан әкімінің төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтіп, күн тәртібіне сәйкес бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Жиын барысында аудан әкімінің орынбасарлары ағымдағы жедел жағдай туралы баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалына қатысты өзекті мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар, көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы, инвестиция тарту жұмыстары, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы, төтенше жағдайлар саласындағы ахуал және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыстар қаралды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жұмыстар болды. Аталған бағыт бойынша жүргізіліп жатқан акциялардың орындалу барысы талқыланып, елді мекендердегі санитарлық жағдайға ерекше назар аударылды.
Аудан әкімі өз сөзінде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмысты күшейтуді, сондай-ақ ауданның барлық елді мекендерінде тазалықты сақтау және абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе, қоқыс шығару, аумақтарды тазалау және санитарлық талаптарды сақтау мәселелері бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1199596?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау